Рухани: Иран әрқашан Ливан халқымен бірге болады
(last modified Wed, 08 Nov 2017 09:27:48 GMT )
Қар 08, 2017 15:27 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран әрқашан Ливан халқымен бірге болады

ИИР Президенті Теһран мен Бейрут қарым-қатынастарын достық және даму үстіндегі қатынас деп сипаттап, Иранның әрқашан Ливан халқының қасында болатынын және сол елдегі тұрақтылықты нығайту үшін ешбір көмектен аянып қалмайтынын қуаттады.

Хасан Рухани сейсенбі күні Саад Харири Ливанның Премьер-министрі міндетінен кететінін жариялағаннан кейін бұл елдің Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп: "ИИР әрқашан аймақ мемлекеттеріндегі, соның ішінде Ливандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауға мүдделік танытты. Ливанның өз халқының қырағылығымен жаңа бүліктен сәтті өтіп, бұл елдің бөгде мемлекеттер үшін тартыс алаңына айналуы мен лаңкестердің қайта оралуына рұқсат етпейтіндігіне күмән тумайды",- деді.

Ливан Президенті де Иран Президентімен телефон арқылы сұхбатта еліндегі соңғы өзгерістер мен Саад Хариридың отставкаға кетуіне тоқталып: "Қазіргі жағдай қиын болғанымен, Ливанда тыныштық пен тұрақтылық қалыптасқан. Халық елдегі өзгерістерге толығымен қырағылық танытып отыр",- деді.