Насролла: Саад әл-Харири отставкаға саудиялықтардың мәжбүрлеуі салдарынан кетті
Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Ливан Премьер-министрі Саад әл-Хариридің отставкаға саудиялықтардың мәжбүрлеуі салдарынан кеткенін айтып: «Саудиялықтардың Ливан Премьер-министріне құрметсіздік көрсетуі бүкіл ливандықтарға көрсеткен құрметсіздік саналады»,-деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы жұма күні түстен кейін Бейруттың оңтүстігіндегі бір ауданда имам Хусеннің (ғ.) қырқы-Арбағин күні және Хезболла шәһидтері күніне орай сөйлеген сөзінде: «Елде ерекше бір қауіпсіздік пен тұрақтылық орнап, Ливан халқы тыныштықты сезінген еді. Алайда өткен сенбі күні Ливанға бір саяси дағдарыс таңылып, ол маңызды кезеңге аяқ басты. Оның қауіпті болу, болмауы ливандықтардың өзіне байланысты.
Бүгінде бүкіл Ливан халқы мен әлем Сауд Арабиясының Саад әл-Харириді отставкаға кетуге және сол елде қалуға мәжбүрлеп отырғанын біледі. Әл-Харири Сауд Арабиясында қамауға алынып, Ливанға қайтуына тыйым салынды. Саудиялық режим Ливанға Премьер-министр ретінде жаңа бір адамды таңуға күш салып жатыр.
Саад әл-Хариридің отставкаға кетуі заңсыз. Бұл шара лажсыздан жүзеге асырылды. Ливан үкіметі әлі өзінің заңдылығын жойған жоқ»,-деп қуаттады.