Саид әл-Шаһаби: Иран Бахрейннің ісіне араласпайды
(last modified Sun, 12 Nov 2017 09:34:21 GMT )
Қар 12, 2017 15:34 Asia/Almaty
  • Саид әл-Шаһаби: Иран Бахрейннің ісіне араласпайды

Бахрейннің «әл-Ахрар» қозғалысының бас хатшысы ИИР-ның Бахрейндегі өзгерістерге еш қатысы жоқтығын баса айтып: «Халифе әулеті режимінің Бахрейн халқына қарсы соғыс жариялағанына ондаған жыл болды»,-деді.

Саид әл-Шаһаби сенбі күні Mehr ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Халифе әулеті режимі басшыларының Иранның Бахрейннің ісіне араласатыны туралы уәждерін нағыз өтірік деп атады. 

Бахрейннің «әл-Ахрар» қозғалысының бас хатшысы Халифе әулетін сырттан жалданған басқыншы режим деп атап: «Халифе әулетінің Бахрейн мен оның тарихына еш қатысы жоқ»,-деді.

Саид әл-Шаһаби бахрейндік көтерілісшілердің Халифе әулеті режимі  тарапынан қамауға алынып, азапталатындығына тоқталып: «Бұл режимнің жауыздық әрекеттер жасауының басты мақсаты – Бахрейн халқы мен көтерілісшілерінің рухын мұқалту»,-деді.

Саид әл-Шаһаби АҚШ-ты Халифе әулеті режимінің басты демеушісі деп атап: «Америкалықтар аймақта Вашингтонның мақсаттарын орындайтын режимдердің билік басына келуін қалайды»,-деді.