Reuters Саад әл-Хариридің Сауд Арабиясында екенін хабарлады
(last modified Sun, 12 Nov 2017 11:38:20 GMT )
Қар 12, 2017 17:38 Asia/Almaty
  • Reuters Саад әл-Хариридің Сауд Арабиясында екенін хабарлады

Reuters ақпарат агенттігі: «Ливанның Премьер- министрі Саад әл-Харири эр-Риядта Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманмен кездескеннен кейін отставкаға кету туралы мәтінді алып, саудиялық теледидарда оқыды»,-деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Reuters сенбі күні кешке: «Саад әл-Харири эр-Риядқа келген сәттен бастап жағдай ол үшін әдеттен тыс болды, телефоны тартып алынды, ешбір ханзада немесе жоғары лауазымды тұлға оны қарсы алуға келмеді. Содан соң Ливанның Премьер‑министрін мәжбүрлі түрде отставкаға кетірді»,-деп жазды.

Осы мәлімет бойынша,  Сауд Арабиясы Саад әл-Харири биліктен кету керек деп шешті, өйткені ол Ливан Хезболласымен күресуге ынта танытпады.

Reuters: «Көптеген ливандық ақпарат көздері эр-Риядтың Саад әл-Хариридің орнын Баха әл-Хариридің басатындығына үміттенетінін айтып отыр. Баха әл-Харири қазір Сауд Арабиясында деп болжануда. Харири әулеті мүшелерінен адалдықтарын жариялау үшін Сауд Арабиясына келу талап етілген. Бұл талап Харири әулеті мүшелерінің қарсылығына ұшырады»,-деп жазды.

Ливанның хабардар дереккөзі осы елдің «әл-Джумхурие» газетіне берген сұхбатында: «Ливан Президенті Мишель Аун Сауд Арабиясына Саад әл-Харириді азат етпеген жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне эр-Риядтың үстінен шағым түсіретінін ескертті»,-деді.