Харири отставкаға кетуіне қауіпсіздікке төнген қатерлер себеп болды деген уәж айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32209-Харири_отставкаға_кетуіне_қауіпсіздікке_төнген_қатерлер_себеп_болды_деген_уәж_айтты
Ливанның премьер-министрі Саад Харири: "Менің қызметімнен кетуіме қауіпсіздікке төнген қатерлер себеп болды",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 13, 2017 14:30 Asia/Almaty
  • Харири отставкаға кетуіне қауіпсіздікке төнген қатерлер себеп болды деген уәж айтты

Ливанның премьер-министрі Саад Харири: "Менің қызметімнен кетуіме қауіпсіздікке төнген қатерлер себеп болды",- деп мәлімдеді.

Харири жексенбі күні Ливанның Al-Mustaqbal телеарнасына берген сұхбатында қызметінен кететіні туралы жасаған мәлімдемесінен кейін бір апта үнсіздік танытып, Сауд Арабиясында болу себебіне тоқталып: "Жеке басыма және Ливан үшін төнген қауіп-қатерлерге байланысты қызметімнен кетуге бел будым",- деді.

Ливан премьер-министрі қызметінен кететіні жайлы мәлімдегеннен кейін Сауд Арабиясындағы өзінің үйінде қалғанын айтып: "Менің белгілі бір ақпараттар мен мәліметтерге қол жеткізуім қызметімнен кетіп, Ливанды құтқаруыма себеп болды",- деді.

Харири оның жеке басы мен Ливанға төнген қатерлер жайлы ешқандай түсінік берместен, Ливан Хезболласы аймақта  теріс рөлге ие деген уәждерін тағы қайталады.

Lebanon, Al-Manar, Al-Jadeed, NBN, UTV телеарналары Ливан президенті Мишель Аунның Саад Хариридің Сауд Арабиясындағы түсініксіз жағдайына байланысты оның қазіргі ұстанымдарын мағынасыз деп атауына байланысты Хариридің Al-Mustaqbal арнасына берген сұхбатын көрсетуден бас тартатындықтарын жариялады.