Сауд Арабиясы басқа елдерді Иранға қарсы қоюға талпыныс жасауда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32213
Кейбір ақпарат көздері Сауд Арабиясының Араб Одағына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінен Риядтың "Иранның аймақ істеріне араласуы" деп атаған мәселесін қарастыруға байланысты шұғыл отырыс өткізуді сұрағаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 13, 2017 16:29 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы басқа елдерді Иранға қарсы қоюға талпыныс жасауда

Кейбір ақпарат көздері Сауд Арабиясының Араб Одағына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінен Риядтың "Иранның аймақ істеріне араласуы" деп атаған мәселесін қарастыруға байланысты шұғыл отырыс өткізуді сұрағаны туралы хабарлады.

Йемен Әскері мен халықтық комитеттері күштерінің жуырда Рияд қаласындағы Малек Халед әуежайына жасаған зымырандық шабуылынан кейін Сауд Арабиясы өзінің негізсіз уәждерінің жалғасында Иранды Йеменнің Риядқа қарсы жасаған зымырандық шабуылдарына қатысы бар деп айыптады.

Сириядан Йемен, Ливан мен Иракқа дейінгі аймақтағы өзгерістерге шолу жасайтын болсақ, Сауд Арабиясының аймақтағы дағдарыс тудырушы негізгі ойыншыға айналғанын, оның бұл қауіпті ойында араб елдерін де дағдарыс пен өз текетірестеріне араластыруға талпыныс жасап жатқанын байқауға болады.

Бірақ бүліктің негізгі бастаушысы саналатын Сауд Арабиясымен үндес және бағыттас болу аймақ халықтары үшін тек зиян тигізеді. Сауд Арабиясының бастауымен Саддамның таңылған соғысы кезінде Парсы шығанағы кеңесінде басқа елдерді Иранға қарсы қою, Йеменге қарсы соғысты қолдау, Сириядағы лаңкестік топтарға қолдау көрсету, Катар және БАӘ-дегі ащы тәжірибе мен жуырдағы Ливанда болған оқиғалар тек сионистік режимге ғана пайдасын тигізген шындықтардың бір бөлігі саналады.

Бүгінгі таңда әлемдегі қоғамдық пікір аймақта АҚШ және Сауд Арабиясымен бір бағытты ұстанудың нәтижесінде терроризмнің көзі жойылмайтынын,  аймақта қауіпсіздік те қайта орнамайтынын жақсы біліп отыр. ДАИШ та АҚШ пен Сауд Арабиясы Таяу Шығыс аймағының жаңа картасын өздері қалағандай жақсырақ құруы үшін аймақта соғыс отын өршітті. Бұған байланысты Сауд Арабиясы басшыларының осы жолы да араб елдерін дүрліктіру арқылы дағдарыс шеңберін ұлғайтуға талпыныс жасап жатқаны, АҚШ-тың бұл үдерісті қолдап отырғаны күмәнсіз.

АҚШ-тың сыртқы қатынастар жөніндегі кеңесінің аға сарапшысы Рэй Такияның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының Иранға қарсы мүдделерін ілгерілетуді қалайды.

Италиялық Il Giornale газеті сәуір айында шыққан мақаласында: "Теһранға лаңкестіктің демеушісі деген таңба берудің енді пайдасы жоқ екендігі айдан анық. Иран ДАИШ және әл-Каида секілді ірі лаңкестік топтармен майданда күресу үшін үнемі өз күштері мен құралдарын пайдаланды",- деп жазды.

Сауд Арабиясының аймақта текетірес тудырушы ұстанымдарынан жақсылықтың ешбір нышаны көрінбеуімен қатар, аймақ халықтарының басына түскен жайттардың барлығы АҚШ пен оның аймақтағы серіктестерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясы мен Израильдің қылмыскер режимінің зұлымдығы мен жауыздығынан туындаған. Қазір де Риядтың билікқұмар басшылары алдамшы сөздерімен Араб одағы елдерінің ішінде жаңа коалиция құруды көздеп отыр. Бұл одақ ешқашан аймақтың негізгі жауы мен шынайы қаупі – Израильге қарсы әсерлі әрі сенімді рөл атқара алған жоқ.

Осы шындықтардың барлығы Сауд Арабиясының АҚШ-тың қолдаумен аймақты сионистік басқыншылар үшін құрбандыққа шалатын зұлымдықтың негізгі бағытына айналғанын дәлелдеп отыр.