АҚШ Сирияның ал-Букамал қаласындағы ДАИШ лаңкестеріне қолдау көрсетуде
(last modified Thu, 16 Nov 2017 08:51:31 GMT )
Қар 16, 2017 14:51 Asia/Almaty
  • АҚШ Сирияның ал-Букамал қаласындағы ДАИШ лаңкестеріне қолдау көрсетуде

АҚШ-тың басқаруындағы "ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция" деп аталатын одақ Сирияның ал-Букамал қаласында жасырынған лаңкестерге қолдау көрсетіп жатыр.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия одақтастарының әскери амалдар штабының медиа стансасы мәлімдеме жариялап: "Америкалық коалицияның күштері ал-Букамал қаласында артқа шегініп жатқан лаңкестерге көмек көрсетуде.

АҚШ басқарып отырған "ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция" лаңкестерге қолдау көрсету арқылы Сирия әскери күштерінің ал-Букамал қаласында ілгерілеуіне кедергі жасауда.

Коалиция күштерінің ДАИШ-ке қолдау көрсету әрекеттерінің аясында олар байланыс жүйелері мен әуе жолдарының жұмысын бұзды. Америкалық коалиция ДАИШ лаңкестерінің басқа аймақтарға қарай қауіпсіз түрде артқа шегінуі үшін қолайлы жағдай тудыруда",- деді.

 

Тегтер