Сауд Арабиясы жеті кеменің Йеменнің әл-Ходейда портына кіруіне тыйым салды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32263
Йеменнің Қызыл теңіздегі порттар ұйымы: "Саудиялық басқыншы коалиция Йеменнің қоршауын тоқтатуы туралы мәлімдегеннен бері осы уақытқа дейін жанармай мен азық-түлік өнімдері тиелген жеті кеменің Йеменнің батысындағы әл-Ходейда портына кіруіне тыйым салды" деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 16, 2017 21:55 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы жеті кеменің Йеменнің әл-Ходейда портына кіруіне тыйым салды

Йеменнің Қызыл теңіздегі порттар ұйымы: "Саудиялық басқыншы коалиция Йеменнің қоршауын тоқтатуы туралы мәлімдегеннен бері осы уақытқа дейін жанармай мен азық-түлік өнімдері тиелген жеті кеменің Йеменнің батысындағы әл-Ходейда портына кіруіне тыйым салды" деп хабарлады.

Йеменнің қоғамдық белсенділері де қоршау азайтылғаннан кейін Йемендегі гуманитарлық апаттың алдын алу үшін  әл-Ходейда порты мен Сана әуежайының қайта ашылуы қажет екенін мәлімдеді. Адам құқығын бақылау ұйымы өткен аптада: "Сауд Арабиясының Йеменнің қоршауын азайту және олардың бақылауындағы порттарға кемелердің кіруіне рұқсат беруі туралы сөздері шындыққа жанаспайды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен Йеменге гуманитарлық көмектердің жеткізілуіне кедергі келтіріп отырған елге қарсы санкция салуды сұраймыз" деді.