Түркия АҚШ-ты сынады
(last modified Fri, 17 Nov 2017 11:39:22 GMT )
Қар 17, 2017 17:39 Asia/Almaty
  • Түркия АҚШ-ты сынады

Түркияның Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың қарамағындағы күрдтік күштер ДАИШ лаңкестік тобымен күресуден бұрын Сириядағы өз ықпалын арттыруды ойлап жүр" деді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мевлут Чавушоглу бейсенбі күні Сирия күрдтерінің америкалық коалициямен сыбайласып, ДАИШ лаңкестерінің Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласынан қауіпсіз түрде шығарылуына рұқсат бергенін айтып: "Сирияның қарусыздандыру батальондары ДАИШ лаңкестік тобымен күресуді жоспарлаудан бұрын, өз ықпалын кеңейтуді көздеп жүр" деді.

Бұдан бұрын Түркия Сирияның қарусыздандыру батальондарының АҚШ-пен ымыраға келіп, ДАИШ лаңкестерін Ракка қаласын басып алу мақсатында Сирияға жібергенін мәлімдеген болатын.

Түркия Сыртқы істер министрлігі де бүгінгі мәлімдемесінде: "АҚШ Сирияның демократиялық партиясының көмегімен ДАИШ лаңкестерін Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласынан шығарды" деп хабарлады.

 

Тегтер