Либерман: Араб елдері Израильмен Иранға қарсы бірігуі тиіс
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32313
Сионистік режимнің Соғыс министрі сенбі күні араб елдерінің Иранға қарсы күресу үшін Израильмен бірігуін сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 19, 2017 18:27 Asia/Almaty
  • Либерман: Араб елдері Израильмен Иранға қарсы бірігуі тиіс

Сионистік режимнің Соғыс министрі сенбі күні араб елдерінің Иранға қарсы күресу үшін Израильмен бірігуін сұрады.

Cарапшылардың пікіріне сәйкес, соңғы айларда аймақтың кейбір кертартпа араб режимдерінің, атап айтқанда Сауд әулеті режимінің Иранға қарсы күрес мақсатында Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жолындағы талпыныстар сионисттік режим жылдар бойы Палестинаны басып-жаныштауымен қатар, араб-мұсылман аймақтарының басым бөлігін басып алған жағдайда орын алып отыр.
Сонымен қатар, Сауд Арабиясының аймақта Иранға қарсы шиеленіс тудырушы саясаттарының жалғасында Араб одағы бүгін жексенбі күні Сауд Арабиясының өтінішімен аталмыш одаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлері деңгейінде Иранға қарсы төтенше отырыс өткізеді.