Сауд Арабиясы - надандық саясаттардан ұтылған тарап
Қар 19, 2017 18:46 Asia/Almaty
Кейбіреулердің пікірінше, кей-кейде тарих қайталанып тұрады, бірақ уақыт пен жіберіп алған мүмкіндіктер ешқашан қайталанбайды.
Аймақта жылдамдықпен орын алып жатқан өзгерістер мен Сауд Арабиясының тәкфиршіл идеологияға сүйеніп, жікшілдікті таратуы өткен ғасырларда аймақты бөлуге негізделген ащы кезеңдердің қайталануы болып табылады. Бұл кезеңде жатжерлік басқыншылар жікшілдік тудыру саясаттары арқылы "Таяу Шығыс" деп атаған аймақты бөлшектеген болатын. Бірақ, бұл ащы кезеңдерден сионистерден басқа кім пайда тапты? Аймақтың байлығы Ұлыбритания, АҚШ пен басқа да әлемдік тонаушылардың мұнай компаниялары тарапынан талан-таражға түсіп, аймақ халықтары көп ғасырлар бойы артта қалып, ұзаққа созылған тәуелділікке тап болды. Қазірдің өзінде сол кезеңдердің сұм салдарлары аймақ елдерінің басым бөлігінен байқалады.
Иран Сыртқы істер министрі осы мәселе жайында: "Саудиялықтар тарихи шындықтарға назар аудармастан, дұшпандық әрі надандық әрекеттерін жүзеге асырып жатқанымен, қазіргі таңға дейін тек өздерінің мүдделеріне ғана зарар тигізді",- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Иран Мәжілісінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманның аймақтағы шиеленіске толы саясаттарына қатысты: "Аймақ халқы да осы саясаттардан қатты зардап шекті, сондықтан бұл үдерісті тоқтату керек",- деп баса айтты.
Саудиялықтардың ессіз әрекеті қазіргі таңда шектен шықты. Сионистік режим Әскері Бас штабы басшысының жуырда айтқан сөзінің мазмұны осы жайттардың пердесін аша түсті.
Сионистік режимнің Әскері Бас штабының басшысы Гади Айзенкот Лондонда шығатын араб-саудиялық Elaph газетіне берген алғашқы сұхбатында: "Израиль мен Сауд Арабиясы Иранға қарсы күресте ортақ мүдделерге ие",- деп мәлімдеді.
Айзенкот ортақ мүдделерге ие болу себептерінің бірі ретінде Иранның аймақтағы ықпалының алдын алу деп атап: "Иран аймақтағы ойынның ережелерін өзгертуге талпыныс жасауда",- деді.
Сионистік режимнің генералы сондай-ақ, сөзінің жалғасында: "Трамптың билік басына келуімен аймақта жаңа халықаралық коалиция құруға мүмкіндік туып отыр. Сауд Арабиясы мен біздің арамызда Иранға қарсы толық келісім бар",- деді.
Global Research ақпарат агенттігінің жуырда шыққан "ДАИШ-ты АҚШ пен Израиль құрды" деген мақаласында: "Әртүрлі халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ мен тіпті АҚШ-тың өзі сырттай ДАИШ-ты лаңкестік топ деп атағанымен, Израильдің БҰҰ-дағы бұрынғы өкілі: "Егер ДАИШ пен Башар Асадтың арасында таңдау жасау керек болса, біз ДАИШ-ты таңдаймыз",- деді.
Сауд Арабиясының диктатурасы отаршылдыққа қарсы күштерге қарсы соғыс майданына, яғни АҚШ пен Израильдің аймақтағы гегемониясына қарсы әрекет етуші күштерге қарсы майданға жетекшілік етіп отыр",- деп жазды.
Аймақта өткен сұм тарихтың қайталануын былайша қысқаша сипаттауға болады: Сауд Арабиясы Батыс елдерінің аймақтағы отаршыл мақсаттары аясында қадам басып келеді. Бұл қадамдар аймақ халықтарынның құқығына қатысты ашық түрдегі зұлымдық пен қылмыс саналады.
Тегтер