Сирияның әл-Букамал қаласы толығымен азат етілді
(last modified Mon, 20 Nov 2017 09:49:48 GMT )
Қар 20, 2017 15:49 Asia/Almaty
  • Сирияның әл-Букамал қаласы толығымен азат етілді

Сирия одақтастарының әскери амалдар штабының ақпарат стансасы бұл елдің шығысында Иракпен шекаралас Дейр аз-Зур облысының әл-Букамал қаласының толығымен азат етілгенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия одақтастарының әскери амалдар штабының ақпарат стансасы жексенбі күні әл-Букамал қаласын ДАИШ лаңкестік тобынан толық азат ету арқылы ДАИШ лаңкестерінің әл-Букамалда орнатқан бомбаларын залалсыздандыру  амалдарының іске асырылып жатқанын хабарлады.

Мұның алдында Сирия мен одақтастарының әскери күштерінің Дейр аз-Зур облысындағы әл-Букамал қаласының билігін 80 пайызға өз қолдарына алғаны хабарланған болатын.

Сирия мен одақтастарының әскери күштері әл-Букамал қаласын ДАИШ басқыншылығынан осыдан біраз уақыт бұрын азат еткенімен, ДАИШ лаңкестері өз демеушілерінің, әсіресе АҚШ-тың қолдауымен әл-Букамал қаласын қайта басып алған болатын.

Сирия мен оның одақтастарының әскери күштері әл-Букамал қаласын азат ету арқылы маңызды жеңіске қол жеткізіп, ДАИШ-ты Сириядағы соңғы базасынан қуып шықты. 

 

Тегтер