Қызыл крест комитеті: Екі жарым миллион йемендік ауыз суға мұқтаж
Халықаралық Қызыл крест комитеті дүйсенбі күні екі жарым миллион йемендіктің ауыз суға мұқтаж екенін жариялауымен бірге ішуге жарамды судың болмауының бұл елде тырысқақ ауруының кең таралуына себеп болатынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес Қызыл крест комитеті: "Сауд режимінің Йеменді қоршауға алуын жалғастыруымен бұл елдің Сана мен әл-Бейда қалалары да ішуге жарамды су тапшылығымен кезігіп отырған Йемен қалаларының қатарына қосылды",- деді.
Халықаралық Қызыл крест комитеті қоршауды жойып, Йеменнің барлық шекараларын ашып, бұл елге азық-түлік, отын және медициналық құралдар жіберуге мүмкіндік жасауды сұрады.
Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының мәліметі бойынша осы уақытқа дейін кемінде 2200 йемендік тырысқақ ауруына шалдығып, қаза болса, 870 000-ден астам адам осы аурудан зардап шегіп отыр.