ДАИШ-тың құрылуы мен жойылуына шолу
(last modified Tue, 21 Nov 2017 11:52:11 GMT )
Қар 21, 2017 17:52 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың құрылуы мен жойылуына шолу

Сирияның оңтүстігіндегі Букамал және Ирактың әл-Анбар облысындағы Рава қалаларының азат етілуімен ДАИШ лаңкестік тобының лаңкестік ұйым ретіндегі өмірі аяқталды деп айтуға болады

ДАИШ лаңкестік тобы 2006 жылы Иракта құрылды. Абу Омар әл-Бағдади ресми түрде бұл топтың басшылығын өз мойынына алып, 2010 жылға дейін басқарды. 2010 жылы Абу Омар өлген соң, бұл лаңкестік топты Абубакр әл-Бағдади басқаратын болды. Сирия дағдарысы басталған соң ДАИШ лаңкестік тобы Сирияны өз әрекеттерінің жаңа майданы ретінде таңдады. Сирия дағдарысы және арабтар мен Батыстың, Израиль мен Түркияның лаңкестік топты қолдауы көптеген лаңкестік топтардың пайда болуына себеп болды. Олардың бірі 2011 жылы құрылған Джебхат ан-Носрат тобы болды. Сирия дағдарысының жалғасуы және бұл елдің жүйесі мен лаңкестік топтардың арасындағы лаңкестік соғыс 2013 жылы Ирак исламдық үкіметі мен Джебхат ан-Носратты біріктіріп, Абубакр әл-Бағдади басқарған «ДАИШ» деп аталған Ирак пен Шам исламдық үкіметі тобының құрылуына жеткізді.

ДАИШ-тың қалай құрылғанына жасалған шолу бұл лаңкестік топтың аймақтық және трансаймақтық мемлекеттердің қолдауынсыз құрыла алмайтынын көрсетеді.

АҚШ ДАИШ лаңкестік тобының ең маңызды қолдаушысы, бұл топтың құрылуында негізгі рөл атқарушы болды. АҚШ Иракта ДАИШ-тың құрылуына жағдай жасауымен бірге бұл елдің кейбір бұрынғы және қазіргі басшыларының айтуынша, Вашингтон ДАИШ-тың құрылуына үлкен әсерін тигізді. АҚШ Президенті Дональд Трамп 2016 жылы президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат кезінде ресми түрде: «ДАИШ – АҚШ үкіметі саясаттарының «өнімі»»,- деп жариялады. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да өз кітабында: "ДАИШ-ты АҚШ құрды. АҚШ ДАИШ лаңкестік тобына Таяу шығыстағы саясаттарын алға ілгерілету құралы ретінде қарайды",- деп жазған болатын. Америка 2014 жылы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция құрғанымен және бұл коалицияға әлемнің әскери алпауыт елдері кіргенімен, ДАИШ-ты жоюға шынайы әсерін тигізбеді. АҚШ үкіметі тіпті ДАИШ-тың Сириядағы соңғы күндері де бұл лаңкестік топқа қолдау көрсетуін жалғастырды. Осы ретте Ресей Қорғаныс министрлігі өткен аптада: "Америкалық күштер Букамал қаласынан артқа шегініп бара жатқан ДАИШ лаңкестеріне қарсы әуеден шабуыл жасаудан тартынды. Бұл Америка коалициясының ДАИШ лаңкестік тобын тікелей қолдайтынын көрсетті",- деп мәлімдеді.

Шындық ДАИШ-тың құлдырағанын көрсетеді. ДАИШ-тың жойылуына бәрінен бұрын Ирак шиіттерінің үлкен ғұламасы аятолла Систанидің Хашд аш-Шаби күштерін құру туралы шығарған пәтуасы мен Иран, Ресей, Сирия және Хизболла сынды қарсыласу күштерінің жігері себеп болды. ДАИШ тобының кейбір еуропалық мелекеттердегі лаңкестік әрекеттері Батысты алаңдатып, қорқытып, Батыс мемлекеттері лаңкестікке қарсы соғысқа қатыспағанымен, олардың бұл лаңкестік топқа қолдау көрсетуін азайтты.

Қорыта айтқанда, ДАИШ әскери ұйымы жойылғанымен бұл топтың әрекеттерін басқа түрде, мәселен, 2014 жылға дейін Иракта жарылыстар жасағандай жалғастыратыны анық.