Сионистік режимнің Сирия жеріндегі жасырын әрекеттері әшкере болды
(last modified Thu, 23 Nov 2017 15:52:39 GMT )
Қар 23, 2017 21:52 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Сирия жеріндегі жасырын әрекеттері әшкере болды

Бір америкалық басылым сионистік режимнің Сирия жеріндегі жасырын әрекеттері мен АҚШ президентінің сол туралы ресейліктерге жеткізген мәліметтерін әшкере етті.

Америкалық «Vanity Fair» журналы бір мақаласында сионистік режимнің тыңшылық-қауіпсіздік күштерінің Сирия жеріндегі жасырын әрекеттерін әшкере етіп: "АҚШ президенті Дональд Трамп осы әрекеттер туралы мәліметтерді ресейліктерге берген" деп жазды.

Басылымның мәлімдеуі бойынша, Израиль режимінің қауіпсіздік саласының мамандары осы режимнің тыңшылық ұйымы Моссад қызметкерлері өткен жылдың қыс айларында Трамптың инаугурациясынан бір ай өткеннен кейін Сирияның солтүстігіне кірді деген уәж айтты.

«Vanity Fair» журналының мәліметінде Трамптың мамыр айында Ақ үйде Ресейдің Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Израиль режимінің Сирия жеріндегі жасырын әрекеттерінің егжей-тегжейін баяндағанын еске салып өтті.

 

Тегтер