Лариджани: Аймақта АҚШ-қа қарсы кеңістік орнаған
(last modified Fri, 24 Nov 2017 12:32:26 GMT )
Қар 24, 2017 18:32 Asia/Almaty
  • Лариджани: Аймақта АҚШ-қа қарсы кеңістік орнаған

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани: "Кейбір аймақ елдерінің арасында АҚШ-қа қарсы кеңістік орнаған. Аймақ саясаткерлері АҚШ-тың қитұрқы әрекеттерін айқын баяндайтын болған",- деді.

Лариджани бейсенбі күні Стамбұлдан Теһранға аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатта: "АҚШ басшыларының сөздері олардың іс жүзіндегі әрекеттерімен сәйкеспейді. Бірақ аймақ елдері мен саясаткерлерінің арасында жақсы қырағылық пайда болған",- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Стамбұлда өткен Азия Парламенттік ассамблеясының 10-шы отырысы жайлы айтқан сөзінде Азия аймағын экономикалық даму үшін өте жақсы әлеуеттерге ие деп атады.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани Стамбұлда Азия Парламенттік ассамблеясының 10-шы отырысына қатысып, баяндама жасау үшін Түркияға іс-сапармен барды.