Саад Харири Ливан Премьер-министрі міндетін жалғастыратынын қуаттады
(last modified Tue, 28 Nov 2017 08:32:53 GMT )
Қар 28, 2017 14:32 Asia/Almaty
  • Саад Харири Ливан Премьер-министрі міндетін жалғастыратынын қуаттады

Ливан Премьер-министрі Саад Харири Бейрутке оралып, отставкаға кетуден бас тартқаннан кейінгі елінің телеарнасына берген бірінші сұхбатында өз міндетінде қалатынын хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігі мәліметі бойынша, Саад Харири дүйсенбі күні CNEWS телеарнасына берген сұхбатында алдағы кеңестерден кейін үкіметтегі күш теңгерімінің өзгеру ықтималын қуаттады.

Харири Ливан тұрақтылығының барша үшін басты мәселе болу керектігін қуаттап, бұл елдің премьер-министрі лауазымынан отставкаға кететінін жариялаудағы мақсатын «жақсы ниетті көздеп, айран-асыр ету» болды деген уәж айтты. Ол Сауд Арабиясында жариялаған отставкасы туралы айтуды қаламайтынын мәлімдеді.

Саад Харири сөзінің келесі бөлімінде кейбір батыс және араб үкіметтерінің Ливан Хизболласы туралы уәждерін қайталап, оның елдің іші мен сыртындағы жұмыстарына шектеу қоюды сұрап, Хизболланы аймақтағы Иранның атқарушы құралы деп атап, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың аталмыш қозғалыс күштерінің Йеменде жоқ екендігі туралы сөздерін растады.