Сауд Арабиясы – аймақтағы үлкен құмар ойындағы ұтылған тарап
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32527
Рияд пен Теһран арасындағы қарым-қатынастар біраздан бері ақпарат және саяси топтардың назарына ілініп отыр. Мұндай назарға Рияд басшыларының аймақтағы ақымақ саясаттарын жалғастырып, Иранға қарсы ақылға сыймайтын коалиция құруы себеп болуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 28, 2017 18:32 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы – аймақтағы үлкен құмар ойындағы ұтылған тарап

Рияд пен Теһран арасындағы қарым-қатынастар біраздан бері ақпарат және саяси топтардың назарына ілініп отыр. Мұндай назарға Рияд басшыларының аймақтағы ақымақ саясаттарын жалғастырып, Иранға қарсы ақылға сыймайтын коалиция құруы себеп болуда.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның арандатушы сөздері АҚШ-тағы Трамптың және Израильдегі Нетаньяхудың сөздеріне ұқсас. Мұндай үйлесімділік Риядтың Иранға қарсы дұшпандығының дәлелдерін әшкере етті.

Мичиган унивесритетінің халықаралық қарым-қатынастар пәнінің ұстазы және "Global Policy" зерттеу институтының мүшесі Сауд Арабиясының саясаттары туралы: "Рияд әрқашан Дональд Трамптың Иранға қарсы әскери араласуын қолдады. Сауд Арабиясының мұнай қоры әлемдегі қордың бестен бір бөлігін құрағанына қарамастан,  Риядтың аймақтағы ықпалын арттыру мақсатындағы талпыныстары жеңіліс тапты. Сонымен  бірге Сауд Арабиясының Қатарды оқшауландыру талпынысы сәтсіздікке ұшырауымен қатар Доханың Иранға қарсы бет бұруына ұласты» деді.

Иран, Түркия және Қатар басшыларының Теһранда өткен кешегі отырысы тауарды Иран арқылы Қатарға жеткізуді жеңілдету мәселесін қарастырды.

Енді Сауд Арабиясының ДАИШ-тың картасымен ойнайтын кезеңі аяқталды. Сауд Арабиясы  бұл үлкен құмар ойынындағы ұтылушы екенін біледі. Саудиялықтар ДАИШ Сирия мен Иракта сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Ливан Премьер-министр Саад Харириді Ливанның саяси жүйесінен шығарып, Ливандағы қарсыласу  күштерін қайшылықпен бетпе-бет келтіруді көздеді. Сауд Арабиясы  Йеменде де бұл елге қысым көрсетуін жалғастырудан пайда көруге және өзгерістер үдерісін өзгертуге әрекет жасағанымен бұл істерде де нәтижеге жетпеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Махмуд Мұхаммади "Этемад" газетінде: "Бүгінде Сауд Арабиясы  өзін Израиль мен АҚШ қолдап отырған аймақтың қыраны санайды. Бірақ, бұл – соқыр қыран.  Ол тауға қарай ұшып бара жатқанымен, құзға соғылады",- деп жазды. Шындықтарды біраз уақыт байқамауға болатын шығар, бірақ жоюға болмайды. Сауд Арабиясының мәселесі дәл осы жерде. Рияд басшылары аймақтағы мақсаттары үшін ДАИШ-ты қолдап, Йеменді Газаны қоршауға алғандай қоршап, балаларды қырып отырған режимдердің тізімінен шығаруы үшін БҰҰ-на пара беріп, Иранға қарсы коалиция құру үшін көп қаржы жұмсады. Сондай-ақ, олар АҚШ-пен 400 миллиард долларлық келісімге қол қойып, Трамптың Ираннан үркіту саясатына қатыспақ болды. Бірақ, олардың саясаттары мен әрекеттері тығырыққа тірелді. Сауд Арабиясы  өзінің қателіктерін қабылдыуы керек, өйткені Риядтың қателіктері теріске шығаруға келмейтін шындық. Теһранға қарсы әрекеттерін жалғастыруының Сауд Арабиясы үшін орны толмас салдары болуы мүмкін.