Башар Асад Дамаскта Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) мәулітіне арналған рәсімге қатысты
(last modified Thu, 30 Nov 2017 08:24:21 GMT )
Қар 30, 2017 14:24 Asia/Almaty
  • Башар Асад Дамаскта Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) мәулітіне арналған рәсімге қатысты

Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) мәулітіне арналған рәсім сәрсенбі күні кешке Сирия Президенті Башар Асадтың қатысуымен Дамаскта өтті.

Сирия Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, рәсімге қатысушылар, соның ішінде Башар Асад, Сирияның бас мүфтиі мен кейбір министрлер мен жауапты тұлғалар Дамасктың мүфтиі шейх Аднан әл-Афиунидің жетекшілігімен құптан намазын оқыды.

Сирияның Оуқаф министрі Мұхаммад Абдуссаттар осы рәсімде сөйлеген сөзінде Алла елшісін (с.ғ.с) әлемнің барлық халықтары үшін  қайырымдылық, нұрлылық пен рақымшылықтың бастауы деп атап: «Меккені жаулап алған кезде баршаға кешірім жариялаған пайғамбардың дінін қалайша экстремизм, қатігездік пен лаңкестікке қатысы бар деп айыптауға болады?»-деді. 

Ол Сирияда жүргізілген саяси және діни реформаларға тоқталып: «Сирия халқы өз армиясын қолдады. Осы қолдау жеңіске ұластырып, ел Президенті халықты қауіпсіз жағалауға жеткізді»,-деді.

 

Тегтер