Саудиялықтардың Санадағы бүлігі Йемен халқының қырағылығымен залалсыздандырылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32661
Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Абдуссалам сенбі күні кешке Ливанның Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: «Санадағы өзгерістер жайлы ақпараттар Йеменнің бұрынғы президенті Әли Абдулла Салехтің Сауд Арабиясымен байланысы бар екендігін көрсетеді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 03, 2017 14:54 Asia/Almaty
  • Саудиялықтардың Санадағы бүлігі Йемен халқының қырағылығымен залалсыздандырылды

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Абдуссалам сенбі күні кешке Ливанның Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: «Санадағы өзгерістер жайлы ақпараттар Йеменнің бұрынғы президенті Әли Абдулла Салехтің Сауд Арабиясымен байланысы бар екендігін көрсетеді»,-деді.

Йеменнің астанасы Сана қаласы сенбі күні саудиялық режимнің қолдауына ие Әли Абдулла Салехке қарасты күштердің бейбастақ әрекеті салдарынан олардың Йеменнің Ансаролла қозғалысымен қақтығысына куә болды.

Мұхаммад Абдуссалам Йеменнің астанасы Сана қаласында қауіпсіздік сақталғанын, Ансаролла қозғалысының осы қаладағы ресми кеңселер мен мемлекеттік органдарды өз бақылауына алғанын, Йемен халқының Әли Абдулла Салехке қарасты содырлардың наразылық шеруін өткізу туралы өтінішіне оң жауап бермегенін айтты.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі, сондай-ақ, саудиялықтар мен Әли Абдулла Салехтің төңкеріс жасауды көздегенін, олардың қазіргі әрекетінің осы мақсатта жасалғанын айтып: «Эр-Рияд Әли Абдулла Салехке қарасты күштерді әскери дайындықтан өткізу үшін оқу-жаттығу қосындарын құруға кірісті»,-деді.