Сауд Арабиясының өз кінәсін Иранға таңуы – оның өзін әшкерелей түсетін саясат
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32671
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр тағы бір рет Иранға қарсы жалған уәждерін қайталап, тақырыпты ауыстыруға талпыныс жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 03, 2017 17:41 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының өз кінәсін Иранға таңуы – оның өзін әшкерелей түсетін саясат

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр тағы бір рет Иранға қарсы жалған уәждерін қайталап, тақырыпты ауыстыруға талпыныс жасады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр Иранға қарсы жалған уәждерін қайталап, тақырыпты ауыстыруға талпыныс жасады.

Ол Римде «Жерорта теңізі диалогы» атты үшінші халықаралық отырыста сөйлеген сөзінде саяси тұрғыдан жапа шеккен кейіп танытып: «Сауд Арабиясы – лаңкестіктің құрбаны. Бұл ел лаңкестікке қарсы соғысқа қатысып жатыр. Сауд Арабиясы әсірешіл ойлармен күрес аясында ұстамдылық орталығын құрды»,-деді. Сондай-ақ, эр-Риядтың лаңкестіктің қаржы көздерін жоюға арналған жобаларға ие екенін айтып, осындай кіріспе мен тақырыптан тыс мәселелерді көтергеннен кейін бұдан да масқара уәж айтып: «Иран әл-Каида мен ДАИШ үшін қару‑жарақ жасады»,-деді.

Ол әрине өзінің осындай ащы саяси сайқымазағы топтамасына мынадай уәжді қосып: «Израильмен ешқандай байланысымыз жоқ, бейбіт үдерісті күтудеміз»,-деді. 

Соңғы бірнеше жылда Сауд Арабиясы тарапынан қарама-қайшы әрекет  көп байқалды. Соңғы бірнеше айда эр-Риядтың қарама-қайшылықтары мен шындықтың өңін айналдырып көрсетуге жасалған талпыныстарына куә болдық.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман жуырда «Вашингтон пост» газетіне берген сұхбатында «Сауд Арабиясындағы діни экстремизм  Иран Ислам революциясының салдарынан туындады» деген уәж айтты. Мұхаммад бен Салман бұл сұхбатта кем дегенде Сауд Арабиясының саудиялық экстремистердің негізгі ошақтарының біріне айналғанын мойындады. Алайда жүздеген құжат пен айғақты теріске шығарып,  Иранды осы экстремизмнің себепкері етіп таныстыруға күш салды.

Бұл – баяғы америкалық-сионистік ойлау тәсілі. Олар Ислам революциясының принципіне қарсы. Саудиялық ханзадалар осындай ойластырылмаған ұстаным білдіру арқылы Ислам революциясының болмысынан ештеңе білмейтіндіктерін және саясат жүргізе алмайтындықтарын көрсетіп отыр.

Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының тақ мұрагері және Қорғаныс министрі ретінде билік басына келгеннен бергі осы елдің стратегиялары мен әрекеттеріне шолу жасағанда саудиялық тәжірибесіз ханзадалардың қаншалықты қиялданып, саяси ойынға берілгенін көреміз. Сауд Арабиясының басшылары басқыншы саясатпен аймақта өздерінің үстемдігін дәлелдеуді ойлайды, алайда бұл салада сәттілікке қол жеткізбеді. Осылай ойластырылған ұстанымдардың Адел әл-Джубейр тарапынан айтылуы шын мәнінде Сауд әулетіне сырттан таңылған ұстанымдар мен көзқарастардың бір бөлігін қайталау болып табылады. Бұл ұстанымдар қаншалықты қайталанса, Сауд Арабиясы соншалықты әшкерелене түседі. Бүгінде саяси сарапшылардың көбі Сауд Арабиясын экстремизмнің ошағы санайды. Танымал америкалық жазушы әрі ойшыл Ноам Хомский осыдан бұрын АҚШ-тың «Қазіргі демократия» телеарнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясын әлемдегі экстремизмнің ошағы деп атап: «Сауд Арабиясы лаңкестерді қолдап қана қоймайды, оның мешіттеріндегі дінбасылары, медреселері мен діни оқу орындары да осы әсірешіл көзқарасты Сауд Арабиясының ықпалындағы барлық аймақтарға таратады»,-деді.

Шындық мынада: Сауд әулеті мен тәкфиршілдердің экстремистік саясаты мен басқыншылық оты қазір олардың өздерін шарпып жатыр. Эр-Рияд АҚШ, Ұлыбритания мен Израильдің аймақтағы мақсаттарына қызмет ете берсе, аймаққа тыныштық оралмайды.