Ал-Абади: Ирак Армия мен "Хашд аш-Шааби" күштерінің көмегімен лаңкестікті жеңді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32709
Ирактың премьер-министрі Армия мен қауіпсіздік және халықтық ерікті күштер "Хашд аш-Шаабиге" лаңкестікпен күрестегі рөлі үшін алғыс айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 04, 2017 23:02 Asia/Almaty
  • Ал-Абади: Ирак Армия мен

Ирактың премьер-министрі Армия мен қауіпсіздік және халықтық ерікті күштер "Хашд аш-Шаабиге" лаңкестікпен күрестегі рөлі үшін алғыс айтты.

Ирак премьер-министрі Хайдер ал-Абади Бағдадта араб мұғалімдерінің кәсіподағы кеңесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ирактың қауіпсіздік күштері мен Армия және Хашд аш-Шааби күштері мен көшпенді тайпалардың көмегімен лаңкестікті басып-жаншып, көзін жоюда табысқа жеткенін айтты. 2017 жылдың қараша айының 17 күні Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобының соңғы базасы ал-Анбар облысының батысындағы Раве қаласын қайтарып алу арқылы аталмыш лаңкестік топтың Ирактағы әскери белсенділігі аяқталды. Ал-Абади сонымен қатар мәдениеттің болмауын қоғамдағы коррупцияның бір бөлігінің қалыптасуының себебі деп атап: "Ирак қоғамы қазір экономикалық, саяси және тағы басқа коррупцияны теріске шығарып, қабылдамауы үшін мәдениет қалыптастыруды қажет етеді" деді.