Арабстанның Йеменге басқыншылығының басталуының жылдығы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i3271
Йеменнің халықтық Ансаролла қозғалысының жетекшісі Абдолмалек әл-Хоуси Арабстанның Йеменге басқыншылығының басталуының жылдығына орай сөйлеген сөзінде: «Арабстанның Йемен халқына қарсы соғысы АҚШ-тың келісімі және Израильдің қолдауымен басталып әлі жалғасуда» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2016 16:55 Asia/Almaty
  • Арабстанның Йеменге басқыншылығының басталуының жылдығы

Йеменнің халықтық Ансаролла қозғалысының жетекшісі Абдолмалек әл-Хоуси Арабстанның Йеменге басқыншылығының басталуының жылдығына орай сөйлеген сөзінде: «Арабстанның Йемен халқына қарсы соғысы АҚШ-тың келісімі және Израильдің қолдауымен басталып әлі жалғасуда» деді.

Саудиялық режим мен одақтастарының Йемен еліне қарсы әскери басқыншылығының басталуының бірінші жылдығымен тұспа-тұс Ансаролла халықтық қозғалысының жетекшісі Абдолмалек әл-Хоуси: «Саудиялық режим Йеменге қатысты көршілестік қағидасын сақтаған жоқ. Бұл басқыншы ел көршілес Йемен еліне нақақтан шабуыл жасады. Сауд әулеті режимі АҚШ, Ұлыбритания, Израиль мен жалдамалыларының қолдауымен Йеменге шабуыл жасап, осы елде тағы да диктаторлық режимді билікке келтіруді көздеді. Алайда йемендік күштер және халықтың қырағылығымен бұл қастандық бейтараптандырылды» деп қуаттады.

Арабстанның Йеменге қарсы бір жылдық соғысында басқыншылар тыйым салынған қарулар арқылы Йемен халқын қырып, тұрғын аудандар, ауруханалар, мектептер, порттар мен жолдарды, құрылымдар мен тасымал құралдарын, үкіметтік ғимараттар, электр стансалары мен тіпті зираттарды да нысанаға алды.

Адам құқығын бақылау ұйымы тағы басқа 7 халықаралық ұйыммен бірге жуырда жариялаған ортақ мәлімдемелерінде Арабстанның Йемендегі соғыс қылмыстарына тоқталып, Арабстанға қару-жарақ саласында шектеу қоюды сұрады.

Бұл ұйымдар сонымен қатар Йемендегі гуманитарлық жағдайдың адами апаттың шегінен асып түскенін де ескертті.

Арабстанның Йеменге басқыншылығының басталуының жылдығымен бір мезгілде Foreign Policy интернет торабы «Сауд Арабиясы Йеменде соғыс қылмыстарын жасауда» деген тақырыппен жарияланған мақаласында: «АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Сауд Арабиясына қару жөнелтуді жалғастырып, саудиялық ұшқыштардың йемендік бейкүнә бейбіт тұрғындардың үстіне бомба тастауына қалайша қарап отыра бермек?» деп жазды.

Осы мәліметте келтірілгендей, Арабстанның Йеменге әуе шабуылдарын жасаған аймақтарда америкалық МК-80 типті бомбалардың қалдықтарының табылуы АҚШ-тың Арабстанды саяси және әскери тұрғыдан жан-жақты қолдап отырғанын көрсетеді.

Бұл Арабстан басқарып отырған әскери коалиция Мансур Хади мен оның отставкаға кеткен үкіметінің атынан соғысып отырған жағдайда орын алды.

Йемендік бейбіт тұрғындар өткен бір жылда саудиялықтардың соғысқұмарлығы салдарынан ең көп адами және қаржы шығынын бастан өткерді.

Арабстанның 2016 жылдың 13 наурыз күні Йеменнің солтүстігінде бір базарға жасаған шабуылында 106 бейбіт тұрғын, соның ішінде 24 бала қаза тапты.

Осы аяда Халықаралық Амнистия ұйымы мен басқа ұйымдар өткен бір жыл ішінде Арабстанның Йеменде соғыс қылмыстарын жасап жатқанын дәлелдейтін көптеген айғақ-деректер жариялады.

Йемен соғысы барысында 3000-нан астам бейбіт тұрғын қаза болып, мыңдаған адам жараланып, 2 миллион 500 мыңнан астам адам баспаналарынан айырылып, босқындыққа ұшырады.

Қазіргі таңда Йемен халқының 83 пайызы гуманитарлық көмек қажет етеді.

Йеменнің бейбітшілік келіссөздері 18 сәуір күні Кувейтте басталатын болып келісілді.

Арабстанның Йеменге қарсы бір жылға созылған басқыншылығынан кейін садуиялықтар Ансаролла қозғалысының өкілдерімен осы соғысты тоқтату туралы сұхбаттасатын болды.

Арабстанның сұхбаттасуға әзірлік танытуы Ансаролла халықтық қозғалысын Йемендегі ықпалды тарап ретінде қабылдайтынын, оған қоса, саудиялықтардың Йеменде жеңіліс тапқанын, сондай-ақ, йемендіктердің басқыншыларға қарсы табандылығын мойындап отырғанын көрсетеді.