Мұхаммад Абдул Салам: Әли Абдолла Салеһқа сатқындықты Біріккен Араб Әмірлігі жобалады
(last modified Tue, 05 Dec 2017 15:25:17 GMT )
Жел 05, 2017 21:25 Asia/Almaty
  • Мұхаммад Абдул Салам: Әли Абдолла Салеһқа сатқындықты Біріккен Араб Әмірлігі  жобалады

Йеменнің Ансаролла қозғалысының баспасөз хатшысы Мұхаммад Абдул Салам Біріккен Араб Әмірлігін Йеменнің бұрынғы Президенті Әли Абдолла Салеһқа қарсы сатқындықтың жобалаушысы деп атады.

Йеменнің Ішкі істер министрлігі дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап,  елдің бұрынғы Президенті Әли Абдолла Салеһтың өлгенін растады.

"Әл-Әлам" арнасының сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының баспасөз хатшысы Әли Абдолла Салеһ пен Біріккен Араб Әмірлігі  арасындағы құпия хаттарға сүйеніп: "Йеменге  шабуыл жасаушылар бүл елдің ішкі қақтығыстарына қатысып, АҚШ-тың аймақтағы орнын күшейтуге талпыныс жасауда",- деді.  

Йеменнің Ансаролла қозғалысының баспасөз хатшысы Мұхаммад Абдул Салам Йеменнің "Халық конгресі" партиясына ескерту жасағанымен, ел үкіметінің дұшпандарға қарсы тұру үшін бұл партиямен ынтымақтастық жасауды қалайтынын жариялады.