Сионистердің Палестина халқына жасаған шабуылы салдарынан үш адам шәһид болды
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні таңертең бейсенбі және жұма күндері сионистердің палестиналықтарға қарсы жасаған шабуылдары салдарынан 3 палестиналықтың шәһид болып, 1114 адамның жарақат алғанын хабарлады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина Деснаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Бейт ул-Мұқаддаста жарақат алған палестиналықтардың саны 935-ке, ал Газа секторында 179 адамға жеткен. Жараланған бес адам хал үстінде жатыр.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Ашраф әл-Қодра: "54 жастағы Махер Атаалла жұма күні сионистік режим әскерінің шабуылы кезінде алған ауыр жарақаттан, 30 жастағы Мұхаммад әл-Месри сионистердің оғы салдарынан шәһид болды",- деп мәлімдеді.
Сионистік режимнің ұшқышсыз ұшақтары жұма күні кешке Газа секторының солтүстік аймағынан Палестинаның еврейлер қоныстанған оңтүстік бөлігіне зымыран атылды деген сылтаумен бұл аймақты бомбалады.
Жұма күні мыңдаған палестиналық жұма намазынан кейін Палестинаның түрлі аймақтарында, атап айтқанда Бейт ул-Мұқаддаста, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялауына наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Көптеген мұсылман елдерінде, соның ішінде Иранда намазхандар жұма намазынан кейін шеру ұйымдастырып, Трамптың сындарсыз шешімін айыптады.