Нетаньяху Трамптың Құдс туралы шешіміне әлемдік деңгейде айып тағылғанына ашуланды
Сионистік режимнің Премьер-министрі еуропалық елдердің АҚШ үкіметінің өз елшілігін басып алынған Құдсқа көшіру туралы шешіміне қарсылық білдіргеніне ашуланды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесі, соның ішінде Ұлыбритания, Франция мен Ресей жұма күні кешке бұрын-соңды болмаған әрекет жасап, АҚШ тарапынан Құдстың сионистік режимнің астанасы деп жариялануын сынап, өздерінің елшіліктерін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшірмейтінін жариялады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамптың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы шешімі еуропалық елдер тарапынан айыпталғаннан кейін сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жексенбі күні таңертең бұл елдерді екіжүзділік жасап, іріткі салушылар деп айыптады.
Нетаньяху, сондай-ақ, Еуроодаққа мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысына шақырылмаған қонақ ретінде қатысу үшін Париж сапарының алдында: "Тель-Авив Еуропа елдері тарапынан АҚШ-тың Құдс туралы шешіміне тағылған айыптарды қабылдамайды",-деді.