Саад әл-Харири: Құдс Палестинаның астанасы болады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32851-Саад_әл_Харири_Құдс_Палестинаның_астанасы_болады
Ливанның Премьер-министрі Саад әл-Харири АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты шешімін айыптап, Құдстың Палестинаның астанасы болатынын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 10, 2017 19:39 Asia/Almaty
  • Саад әл-Харири: Құдс Палестинаның астанасы болады

Ливанның Премьер-министрі Саад әл-Харири АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты шешімін айыптап, Құдстың Палестинаның астанасы болатынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливан Премьер-министрі Саад әл-Харири сенбі күні кешке Трамптың палестиналықтарға қарсы шешіміне Twitter-де білдірген реакциясында: "Бейрут Құдсты Палестинаның астанасы санап, Палестина жері мен халқының шындығының жанынан табылады",-деп жазды.

Ливан Премьер-министрі осыдан бұрын да АҚШ-тың палестиналықтарға қарсы шешіміне қарсылық білдіріп, Бейруттың Палестина халқы мен олардың Құдсты астанасы етіп, тәуелсіз мемлекет құру құқығына тілеулестік білдіретінін қуаттаған болатын.