Ирактың Сыртқы істер министрі Иранға ДАИШ-пен күрескені үшін алғыс айтты
Ирактың Сыртқы істер министрі Ираның лаңкестікпен күрестегі сындарлы рөліне алғыс айтып: "ИИР әрдайым ДАИШ-пен күресте Иракқа көмектесті",-деді.
Ирактың Сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Джафари сенбі күні Бахрейннің астанасы Манамада өткен бір конференцияда: "Лаңкестер 124 елден, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Парсы шығанағы маңындағы араб елдері мен Оңтүстік-шығыс Азиядан Иракқа ағылды, лаңкестердің арасында бірде-бір ирандық болған жоқ. ИИР Иракқа көмектесуге әзірлігін жариялап, әлемнің көптеген елдері сияқты Иракқа өз әскери кеңесшілерін жіберді. Иранның мұндай амалы ешбір жағдайда Ирактың ішкі ісіне араласушылық саналмайды",-деп қуаттады.
Ирактың Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, әл-Хашд әш-Шааби халықтық ерікті күштерді қолдайтынын білдіріп: "Ирактың халықтық ерікті күштері осы елдің басқа да қарулы күштері сияқты лаңкестікпен күресте заң аясында әрекет етіп, талпыныс жасады",-деді.
Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абади сенбі күні бұл елде ДАИШ лаңкестік тобымен соғыстың аяқталғанын жариялады.