Ирактың Сыртқы істер министрі Иранға ДАИШ-пен күрескені үшін алғыс айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32855-Ирактың_Сыртқы_істер_министрі_Иранға_ДАИШ_пен_күрескені_үшін_алғыс_айтты
Ирактың Сыртқы істер министрі Ираның лаңкестікпен күрестегі сындарлы рөліне алғыс айтып: "ИИР әрдайым ДАИШ-пен күресте Иракқа көмектесті",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 10, 2017 19:52 Asia/Almaty
  • Ирактың Сыртқы істер министрі Иранға ДАИШ-пен күрескені үшін алғыс айтты

Ирактың Сыртқы істер министрі Ираның лаңкестікпен күрестегі сындарлы рөліне алғыс айтып: "ИИР әрдайым ДАИШ-пен күресте Иракқа көмектесті",-деді.

Ирактың Сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Джафари сенбі күні Бахрейннің астанасы Манамада өткен бір конференцияда: "Лаңкестер 124 елден, соның ішінде  АҚШ, Ұлыбритания, Парсы шығанағы маңындағы араб елдері мен Оңтүстік-шығыс Азиядан Иракқа ағылды, лаңкестердің арасында бірде-бір ирандық болған жоқ. ИИР Иракқа көмектесуге әзірлігін жариялап, әлемнің көптеген елдері сияқты Иракқа өз әскери кеңесшілерін жіберді. Иранның мұндай амалы ешбір жағдайда Ирактың ішкі ісіне араласушылық саналмайды",-деп қуаттады.

Ирактың Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, әл-Хашд әш-Шааби халықтық ерікті күштерді қолдайтынын білдіріп: "Ирактың халықтық ерікті күштері осы елдің басқа да қарулы күштері сияқты лаңкестікпен күресте заң аясында әрекет етіп, талпыныс жасады",-деді.

Ирактың Премьер-министрі  Хейдар әл-Абади сенбі күні бұл елде ДАИШ лаңкестік тобымен соғыстың аяқталғанын жариялады.