Ердоған: Сионистік режим – лаңкес әрі бала өлтіргіш режим
Жел 11, 2017 14:29 Asia/Almaty
Түркия президенті сионистік режимді лаңкес әрі бала өлтіргіш режим деп атады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Түркияның Стамбұл қаласында сөйлеген сөзінде: "Анкара үкіметі басып алынған Құдстың бала өлтіргіш Израиль режимінің қолына түсуіне жол бермейді.
АҚШ президенті Дональд Трамптың басып алынған Құдсқа қатысты ұстанымдарымен күресу керек",- деп мәлімдеді.
Дональд Трамп желтоқсанның алтысы күні Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындап, АҚШ елшілігін осы қалаға көшіруге келісім беріп, жарлыққа қол қойды.
Тегтер