Ислам ынтымақтастық ұйымы Түркияның Стамбұл қаласында Бейт ул-Мұқаддасты қолдап мәлімдеме жасады
Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысына қатысқан елдердің басшылары Құдсты қорғау үшін қорытынды мәлімдеме жариялап, орталығы Құдс болып табылатын Палестина мемлекетін ресми түрде тану қажеттігін қуаттады.
Түркияның "Анадолы" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 48 ел сәрсенбі күні осы ұйымға мүше елдер басшыларының төтенше отырысының соңында АҚШ Президентінің Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы деп жариялау шарасына реакция білдіріп: "Әлемдік қауымдастық та Шығыс Құдсты Палестина мемлекетінің басып алынған астанасы деп ресми түрде тануы тиіс.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Дональд Трамптың Құдсқа қатысты шешіміне шара қолданбаса, бұл істі осы ұйымның Бас ассамблеясына жібереміз» деп қуаттады.
Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысына қатысушылар, сонымен қатар, АҚШ Президентінің Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты әрекетін қабылдамай, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруді айыптады.