Мыңдаған палестиналық ХАМАС-тың құрылуының 30 жылдығына арналған рәсімге қатысты
Палестина халқының мыңдаған азаматы Газа секторының әл-Катибе алаңында жиналып, Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың құрылуының 30 жылдығын тойлады.
«Әл-Әлам" арнасының мәліметі бойынша, ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Исмаил Хание бұл рәсімде: "ХАМАС – Палестина жеріндегі қарсыласу мен табандылықтың үлгісі. Ішкі, аймақ және әлем деңгейінде АҚШ үкіметін Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау шешімінен шегінуге мәжбүрлеу керек. Өйткені, Құдсты астанасы етіп, жариялайтындай Израильдің өзі де жоқ. ХАМАС еш уақытта Израильді ресми түрде қабылдамайды",- деді.
Хание наразылықтар мен интифазаны жалғастыру қажеттілігін қуаттап: "Вашингтон бұл шешімінен бас тартқанға дейін әрбір жұма күні әртүрлі елдердің астаналарында Құдсты қолдап, Трамптың шешіміне наразылық білдіретін шерулер өткізу керек",- деп баса айтты.