Израиль Сауд әулетін ислам әлемінен бөлуді мақсат етуде
(last modified Sat, 16 Dec 2017 03:12:30 GMT )
Жел 16, 2017 09:12 Asia/Almaty
  • Израиль Сауд әулетін ислам әлемінен бөлуді мақсат етуде

Сионистік Haaretz газеті сионистік режимнің Барлау министрі Исраэль Каацтың саудиялық тақ мұрагерін Тель-Авивке сапармен келуге шақырғаны туралы хабарлады.

Сауд Арабиясы  мен сионистік режим әсіресе өткен бір жылда екіжақты қарым-қатынастарын қалпына келтіру үдерісін жылдамдатты. Дамушы мемлекеттердің сыртқы саясатқа қатысты шешімдері туралы басым пікір сыртқы саясаттың олардың басшыларының көзқарастары мен ұстанымдарына байланысты екенін көрсетеді.

Рияд пен-Тель-Авивтің қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру үдерісін жылдамдатудың ең маңызды себептерінің бірі сауд арабиялық, израильдік және америкалық басшылардың жеке ұстанымдарына қатысты. Мұхаммад бен Салман, Беняамин Нетаньяху мен Дональд Трамп үштігі сыртқы саясат мәселелеріне қатысты сындарлы шешім қабылдаудан бұрын сыртқы саясатты өздерінің жеке ұстанымдарына сай ілгерілетуде. АҚШ-на қатысты айтқан кезде Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің рөлі мен оның Бен Салман және Нетаньяхумен жеке қарым-қатынастарына тоқталмасқа болмайды.

Израиль Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын бірыңғайға келтіру арқылы маңызды мақсаттарды көздеп отыр. Израиль Сауд Арабиясын пайдаланып, негізінде бұл елді ислам әлемінен бөлуге әрекет жасауда. Сионистік режим Сауд Арабиясының діни тұрғыдан ислам әлемінде ерекше орынға ие екенін жақсы біледі. Мұнымен қатар Сауд Арабиясының қазіргі үкіметі аймақ саясатындағы елінің рөлін арттыруды көздеп отыр. Негізінде сионистік режим Риядтың қазіргі басшыларын жақасы таныды. Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің немесе Сыртқы істер министрінің басып алынған Құдс туралы Стамбұлда өткен Ислам конференциясы ұйымының төтенше саммитіне қатыспауы Сауд Арабиясының сионистік режимнің тұзағына түскенін көрсетеді.