Жел 16, 2017 16:11 Asia/Almaty
  • Дамаск Де Мистураның Женева келіссөздері туралы уәждеріне жауап қайтарды

Сирия СІМ БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі мен Франция үкіметінің Женева келіссөздерінің соңғы кезеңінде ешбір нәтижеге қол жеткізбеуге Дамаскті жауапты санаған уәждерін теріске шығарып, оны айыптады.

Al Alam арнасының мәліметі бойынша, Сирия СІМ-дегі ресми дереккөздер Стаффан Де Мистура мен Франция СІМ-нің Дамаскті Женева келіссөздерінің соңғы кезеңінің сәтсіздікке ұшырауына жауапты деп атаған уәждерін теріске шығарып: "Бұл уәждерді өздерінің әдеті бойынша тынышсыздық пен өтірік тарататын сириялық оппозициялық топтар айтқан. Олардың бұл әдісінің құны Сирия халқының қаны саналады",- деп мәлімдеді.

Сирия СІМ-дегі ресми ақпарат көздері өткен қараша айында өткен Рияд отырысының мәлімдесі мен оның алдын-ала анықталған ұстанымдарына тоқталып: "Бұл мәлімдеме тек бір мақсат үшін жасалды. Ол мақсат – Женева келіссөздерін тығырыққа тіреп, сәтсіздікке ұшырату",- деді.

Сириялық қарсыласушы топ мүшелері Сауд Арабиясында өткен екінші Рияд отырысында Сирия президенті Башар Асадтың биліктен кетуі қажеттігін қуаттаған болатын.

 

 

Тегтер