«Интифаза жеңісі» қозғалысының делегациясы Ливанның «Хезболла» қозғалысының бас хатшысымен кездесті
(last modified Sat, 16 Dec 2017 15:44:05 GMT )
Жел 16, 2017 21:44 Asia/Almaty
  • «Интифаза жеңісі» қозғалысының делегациясы Ливанның «Хезболла» қозғалысының бас хатшысымен кездесті

«Интифаза жеңісі» палестиналық қозғалысының делегациясы жұма күні кешке Ливанның «Хезболла» қозғалысының бас хатшысы Сейед Хасан Насролламен кездесіп, Палестинаның соңғы өзгерістері туралы пікір алмасты.

Екі тарап кездесуде аймақ жағдайы негізінде Палестинаның қазіргі өзгерістері мен ортақ істерді күшейту мәселесін талқылады.

«Интифаза жеңісі» – 1983 жылы «Фатх» қозғалысынан бөлініп шыққан мүшелер тарапынан құрылған палестиналық қозғалыс. Аталмыш қозғалыстың әскери бөлімі «Дауыл күштері» деп аталады. «Интифаза жеңісі» қозғалысы бұдан бұрын АҚШ-тың елшілігін  Тель-Авивтен Құдсқа көшіру шешіміне наразылық білдіріп, сионистік режимді ресми мойындаған құжаттың күшін жойып, Осло келісімінен шығуын талап еткен болатын.

Осло келісімі – сионистік режим мен «Палестинаны азат ету ұйымы» арасында жасалған алғашқы келісім. Бұл келісімді 1993 жылы екі тарап қабылдаған болатын.