Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдсты Израильге сату – Сауд Арабиясының жаңа қастандығы
"Араб 21" ғаламтор базасының әшкерелеуі бойынша, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдсты миллиардтаған долларға Израильге сату саудиялық тақ мұрагерінің палестиналықтарға қарсы жаңа қастандығы.
"Араб 21" ғаламтор базасының сенбі күнгі мәліметі бойынша, АҚШ газеттерінде саудиялық тақмұрагері Мұхаммад бен Салманның Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббасқа қысым жасап, жерді алып-сату келісіміне қол қоюға келісімін алғанын әшкереледі.
Америкалық зерттеуші Джеффри Арнсон дайындаған бұл мәлімдемеде: "Мұхаммад бен Салман Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдс жерлеріне көзжұмбайлық білдіруі үшін Махмуд Аббасқа 10 миллиард доллар ұсынған. Бен Салманның жобасы бойынша Палестина елі Газа секторында құрылады. Мұхаммад бен Салман сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуге жолдаған хатында Сауд Арабиясының сионистік режимге қатысты бұрын-соңды болмаған міндеттемелерінде Мысыр мен АҚШ-тың қатысатыны ескерілген",- деді.