Ғасеми: Палестина толық азат етілгенше ислам әлемінің бірінші мәселесі болып қалады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i33189-Ғасеми_Палестина_толық_азат_етілгенше_ислам_әлемінің_бірінші_мәселесі_болып_қалады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрейн Сыртқы істер министрінің жуырда айтқан сөзіне реакция білдіріп: "Барлық қастандықтар, астыртын әрекеттер мен қасақана жасалған дағдарыстарға қарамастан, Палестина толық азат етілгенше ислам әлемінің бірінші мәселесі болып қалады",- деп баса айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 22, 2017 17:03 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Палестина толық азат етілгенше ислам әлемінің бірінші мәселесі болып қалады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрейн Сыртқы істер министрінің жуырда айтқан сөзіне реакция білдіріп: "Барлық қастандықтар, астыртын әрекеттер мен қасақана жасалған дағдарыстарға қарамастан, Палестина толық азат етілгенше ислам әлемінің бірінші мәселесі болып қалады",- деп баса айтты.

Бахрейн Сыртқы істер министрі Халед бин Ахмад Але Халифе сәрсенбі күні АҚШ пен сионистік режим басшыларының көңілдерінен шығу үшін Құдс мәселесін қосалқы мәселе деп атап, Палестина тақырыбы бойынша АҚШ-пен арада қайшылық тудырудың пайдасы жоқ деп мәлімдеді. Халифе әулеті режимі сионистік режим мен АҚШ-тың аймақтағы одақтастарының бірі саналады.

Соған байланысты Бахрам Ғасеми жұма күні таңертең: "Араб және мұсылман елдерінің 70 жылдан бері ислам әлемінің ескі жарасын қосалқы мәселе деп атап, әлемдегі ең қарапайым мәселені танып-білуге шамасы келмейтіні өте өкінішті. Ешбір адам, ешбір мемлекет немесе ешбір мәселе мұсылман үмбетінің ойын Палестинаның ислам әлемінің бір бөлігі саналатын мәселеден бұрмалай алмайды",- деп қуаттады.