Сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауында 1 миллион тұрғын үй құрылысын жоспарлап отыр
(last modified Mon, 25 Dec 2017 09:35:34 GMT )
Жел 25, 2017 15:35 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауында 1 миллион тұрғын үй құрылысын жоспарлап отыр

Сионистік режимнің Тұрғын үй істері жөніндегі министрі Израильдің министрлері кабинетінің алдағы 20 жыл ішінде Иордан өзенінің батыс жағалауында 1 миллион тұрғын үй тұрғызу туралы шешім қабылдағанын, тұрғын үйлердің 20-30 пайызының Құдс қаласында салынатынын айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иоав Галант жексенбі күні сионистік режимнің 10-шы телеарнасына берген сұхбатында: "Жаңа тұрғын үйлердің құрылысы Құдстың шығысындағы Маале-Адумим, оңтүстігіндегі Гуш-Этцион, солтүстік-батысындағы Джаффа мен солтүстігіндегі Анатот қалашықтарында жүзеге асырылады. Израильдің жаңа қалашықтар құрылысы туралы жоспарының мақсаты Құдсты Израильдің астанасы ретінде мойындау шеңберінде тұрғын үй салу болып табылады",- деп мәлімдеді.

Палестина СІМ жексенбі күні кешке сионистік режимнің Құдс қаласында 300 000 тұрғын үй құрылысы жөніндегі жуырдағы шешіміне реакция білдіріп, бұл шешімді отарлау жоспары деп атап, оған АҚШ президентінің себеп болғанын айтты.

 

 

Тегтер