Сауд Арабиясының Иранды айыптауы – шындықтан жалтару
https://itolqyn.com/news/west_asia-i33327
Шын мәнінде, басқаларды негізсіз айыптайтындар – шындықтан қашатындар. Саудиялық басшылардың жағдайы осыған дәлел.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 26, 2017 19:17 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Иранды айыптауы – шындықтан жалтару

Шын мәнінде, басқаларды негізсіз айыптайтындар – шындықтан қашатындар. Саудиялық басшылардың жағдайы осыған дәлел.

Сауд Арабиясы  Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мансур әл-Турки: "Иранмен қарым-қатынастағы лаңкестермен бетпе-бет келіп отырмыз",- деді. Ол дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында: "Лаңкестікті қолдайтын мемлекеттер олардың лаңкестерге қатысты екендігін дәлелдейтін құжат қалдырмайды. Олар барлық лаңкестік әрекеттерді өз мойындарына алатын топтар құрады. Біз бұл жағдайды Йемендегі хусилер мен Ливанның Хизболласынан көріп отырмыз",- деді.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі де осыдан біраз уақыт бұрын БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында Иран, Хизболла және Сирия туралы негізсіз уәж айтқан болатын.

Сауд Арабиясы  басшыларының бұл сөздері Риядтың өзі Сирия мен аймақтағы лаңкестік топтарға қаржылай және идеологиялық қолдау көрсетіп отырған жағдайда айтылуда. Әл-Қаида мен ДАИШ сынды топтардың  Израильдің Моссады мен АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының әскери-оқу жаттығуларының көмегімен, сондай-ақ, Сауд Арабиясы сынды аймақтың кейбір араб үкіметтерінің ақшаларымен және тәкфиршіл ағымдардың демеушілігімен құрылғаны дәлелденген тақырып. Негізіндеғ Сауд Арабиясы –  аймақтағы лаңкестікті таратушылардың бірі.

"Вашингтон пост" газеті дүйсенбі күні "Сауд Арабиясының екіжүзді тақ мұрагері" деген мақаласында Бен Салманның лаңкестік және қаржы жемқорлығымен күресі туралы: "Сауд Арабиясының тақ мұрагері елдің бюджетін үнемдеп, Францияда 300 миллион долларға сарай сатып алды. Бұдан бұрын өзі үшін 550 миллион долларға кеме сатып алған болатын",- деп жазды.

Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысының  жасырын лаңкестік туралы алдамшы әрі масқара сөздері жаңа оқиға. Әрине, лаңкестік барлық аймақтың саяси-қауіпсіздік жағдайын алаңдататын мәселе. Бірақ, Рияд допты Иранға қарай тастап, қате ақпарат беріп, шындықтардан қашуға талпыныс жасауда деген ой туады.

Сауд Арабиясының  Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысының жалған сөздері АҚШ пен Сауд Арабиясы аймақтағы лаңкестік топтарды бірге құрып отырған жағдайда айтылуда. Мысал ретінде әл-Қаида тобының құрылуы мен Сауд Арабиясының 11-ші қыркүйек оқиғасындағы рөліне тоқтауға болады. Бірақ, Сауд Арабиясы АҚШ-пен бірнеше триллиондық келісімдерге қол қойып, мәселені шешті.

Осындай жағдайда "Бұл айыптаулардың нәтижесі аймаққа қауіпсіздікті қайтарады ма?" деген сұрақ туындайды. Сауд Арабиясының билеп-төстеушілігі жазықсыз адамдардың қырылуына соқтыруда. Мұның мысалы ретінде Йемендегі соғысты атау керек.