Нетаньяху "Ирандағы христиандар діни сенімдері үшін абақтыға қамалуда" деген уәж айтты
(last modified Sat, 30 Dec 2017 10:26:11 GMT )
Жел 30, 2017 16:26 Asia/Almaty
  • Нетаньяху

Сионистік режимнің премьер-министрі жұма күні: "Иран христиандарды абақтыға қамауда",- деген уәж айтты.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Беньямин Нетаньяху Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зарифтің Twitter-дегі соңғы жазбасына реакция ретінде видео жолдау жариялап: "Ирандағы христиандар діни сенімдері және өздерінің салт-дәстүрі мен діни жоралғысын орындағаны үшін абақтыға қамалып жатыр",- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі өткен сенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында әлем христиандарын хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с) мәуліті және Жаңа жылмен құттықтаған болатын.

Нетаньяхудың бұл уәжі христиандар мен яхудилер исламдық Иранның қоғамында тең құқыққа ие болуымен қатар, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде өкілдері болған жағдайда айтылып отыр.

Осы ретте ассириялықтардың әлемдік одағының бас хатшысы әрі Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі христиандар, ассириялықтар мен халдейлердің өкілі Йонатан Бет Колия жуырда: "Иран христиандары адам құқықтары туралы уәж айтушылардың жалған жанашырлығын қажет етпейді",- деп баса айтты.