Сионистік әскерилермен қақтығыс салдарынан жүздеген палестиналық жараланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i33427-Сионистік_әскерилермен_қақтығыс_салдарынан_жүздеген_палестиналық_жараланды
Жұма күні Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында палестиналықтар мен сионистік әскерилер арасында орын алған қақтығыс салдарынан 400-ге жуық палестиналық жарақат алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 30, 2017 16:43 Asia/Almaty
  • Сионистік әскерилермен қақтығыс салдарынан жүздеген палестиналық жараланды

Жұма күні Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында палестиналықтар мен сионистік әскерилер арасында орын алған қақтығыс салдарынан 400-ге жуық палестиналық жарақат алды.

Al Alam арнасының Палестина Денсаулық сақтау министрлігіне слтеме жасап хабарлауы бойынша, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы түрлі аймақтар мен Газа секторының шекаралық аумақтарында палестиналықтар мен сионистік күштер арасында орын алған қақтығыстар кезінде оқ ату немесе көз жасаурататын газбен улану салдарынан 400-ге жуық палестиналық азамат жараланып, жараланған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы баспасөз хатшысы Ашраф әл-Құдра аймақтың жараланған кейбір адамдарының ауыр халде жатқанын хабарлады.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) мен Палестинаның исламдық джиһад қозғалысы жұма күні "Ашу-ыза күні" атты шеру өткізуді талап еткен еді.

Палестиналықтар мен Израиль әскерінің арасындағы қақтығыстар АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты Израильдің астанасы ретінде мойындау әрекетінен кейін желтоқсанның бірінші аптасынан басталды.

Қақтығыстар салдарынан 12 палестиналық шәһид болып, жүздеген адам жарақат алды.