Ердоған Сирияның солтүстігіндегі күрд топтарын жою қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 30 Dec 2017 11:22:25 GMT )
Жел 30, 2017 17:22 Asia/Almaty
  • Ердоған Сирияның солтүстігіндегі күрд топтарын жою қажеттігін қуаттады

Түркия президенті Сирияның солтүстігіндегі күрд топтарын, атап айтқанда Сирияның "Демократиялық одақ" партиясы (PYD) мен "Халықтық қорғаныс бөлімшелерін" (YPG) жою қажеттігін қуаттады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні тілшілерге берген сұхбатында: "Бұл ел Сирияның "Демократиялық одақ" партиясы (PYD) мен "Халықтық қорғаныс бөлімшелері" (YPG) секілді лаңкестік топтардың Сирияның солтүстігінде билік орнатуына рұқсат бермейді. Әртүрлі тараптармен тиісті сұхбаттасулар өткізілді. Қажет жағдайда бұл топтарға қарсы әрекеттер жасалынады",- деді.

Түркия басшыларының пікірінше, күрд топтары, соның ішінде Сирияның "Демократиялық одақ" партиясы (PYD) мен "Халықтық қорғаныс бөлімшелері" (YPG), шетелдік мемлекеттер мен Түркияның "Күрдістан жұмысшылар" партиясының қолдауымен Сирияның солтүстігі мен Түркияның Сириямен арадағы ұзақ шекарасының оңтүстік бөлігінде күрдтер мекен ететін мемлекет немесе тәуелсіз аймақ құруды көздеп отыр.

Түркияның оңтүстігінде түрлі лаңкестік топтардың орналасуына байланысты бұл аймақта күрд мемлекетінің құрылуы немесе оларға қатысты автономды құрылымның пайда болуы Түркияның ұлттық қауіпсіздігі үшін шынайы қатер болуы мүмкін. Дәл осы мәселе Түркия басшыларының алаңдаушылығын тудырып отыр.

Бұл әрекет бір жағынан Түркия үкіметіне қарсы күрд топтарына өз талаптарын бұрынғыдан бетер таңу үшін сенімділік тудырса, екінші жағынан лаңкестік топтар үшін қауіпсіз аралға айналатын Түркияның оңтүстік шекараларының айналасында тұрақсыз әрі бақылауға келмейтін аймақ құрылмақ. Бұл Түркияның ұзақ онжылдықтар бойы жүргізген ішкі және сыртқы саясатының аймақтағы күрд топтарын бақылауға алу және олардың күшеюінің алдын алуға негізделген жағдайда орын алып отыр.

Түркияның осы арадағы ең үлкен қиындығы Америка Құрама Штаттарының аймақтық саясаттары саналады.

АҚШ сарапшысы Аарон Штейн: "АҚШ пен Түркияның екеуі де Сирияның солтүстігінде нақты экономикалық мүдделерді көздеп отыр. АҚШ күрд әскери күштерін күшейтуді көздесе, Ердоған олардың Сирияның солтүстігінде билік орнатуының алдын алуға талпыныс жасап, тіпті күрд топтарына қарсы топтарға қолдау көрсетуде. Бұл келіспеушілік ДАИШ-тың Сириядағы жеңілісімен бұрынғыдан бетер шиеленісе түседі",- деп жазды.

Түркия Сирия жерінде орналасқан күрд топтарын бақылауға алуға талпыныс жасап жатқанда АҚШ бұл топтарға саяси-әскери қолдау көрсетіп отыр.

Түркия үкіметі аймақта тұрақсыздық жағдайдың пайда болуына байланысты өзінің ұлттық мүдделерін көздеуімен қоса, өз стратегиясын өзімен ортақ мүдделер мен мәселелерге ие аймақтық ойыншылардың стартегиясымен бағыттас етуі тиіс.

Сирияның біртұтастығын сақтап, бұл дағдарысты шешу үшін белгілі бір саяси шешімге келу мақсатында талпыныс жасау біртұтас Сирия мемлекеті шеңберінде аймақта тұрақтылықты орната алатын жалғыз стратегия саналады.