Беньямин Нетаньяхудың жемқорлығына израильдіктер наразылық білдірді
(last modified Sun, 31 Dec 2017 11:03:13 GMT )
Жел 31, 2017 17:03 Asia/Almaty
  • Беньямин Нетаньяхудың жемқорлығына израильдіктер наразылық білдірді

Ақпарат құралдарының сенбі күні кешке хабарлауы бойынша, мыңдаған адам сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жемқорлығына наразылық білдіріп, Тель-Авивте шеру өткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, мыңдаған адам Тель-Авив қаласының орталық алаңында ұрандатып, сионистік режим Премьер-министрінің отставкаға кетуін талап етті.

Халық "Нетаньяху түрмеге қамалуы тиіс!" және "Біз Нетаньяхуға үйіне қайтсын дейміз!"деген жазуы бар плакаттар алып шығып, өздерінің ашу-ызаларын білдірді.

Бұл - өткен желтоқсан айынан бергі Беньямин Нетаньяхудың жемқорлығына қарсы Тель-Авивте өткен 58-ші шеру.

Нетаньяхудың жемқорлығына қатысты қозғалған ең маңызды іс француз жемқор Арнод Мимраннан 1 млрд доллар алуы болды. Бұл қаржы Нетаньяхудың премьер-министрлігін жарнамалау үшін жұмсалған көрінеді.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Германиядан құны 1 млрд доллардан жоғары үш сүңгуір қайық сатып алғанына байланысты тергеуге алынды.