«Ансаролла» қозғалысы Сауд Арабиясымен тұтқын алмасты
Нау 28, 2016 21:44 Asia/Almaty
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы Сауд Арабиясымен тұтқын алмасқанын хабарлады.
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының ақпарат хатшысы Мұхаммад Абдоссалам: "Жексенбі күні іске асқан тұтқын алмасу түсіністік және Йемен соғысының адамгершілік қырын құрметтеудің алғашқы қадамы болды. «Ансаролла» қозғалысының жүз мүшесін азат етудің есесіне осы қозғалыс Саудияның 9 тұтқынын босатты" деді. Сауд Арабиясы мен араб елдері коалициясы осыдан бір жыл бұрын Йеменнің отставкадағы президенті Абдраббе Мансур Хадиді билікке қайтару мақсатында осы елге соғыс ашты. Сауд Арабиясының Йеменге шапқыншылығынан осы уақытқа дейін 6 мың адам қаза тапты.
Тегтер