ИСИМ адамның бүйрегін сатумен айналысуда
(last modified Fri, 05 Feb 2016 02:07:16 GMT )
Ақп 05, 2016 08:07 Asia/Almaty
  • ИСИМ адамның бүйрегін сатумен айналысуда

Ирактың Мосул қаласындағы дереккөздері осы елдің ауруханаларының ИСИМ тобының бұйрығымен 5 млн динарға (шамамен 4200 доллар) адамның бүйрегін сатып алып, оны үш есе бағамен бүйрек ауыстыруды қажет ететін науқастарға сататынын хабарлады.

Аты аталмауды өтінген осы дереккөздерінің айтуы бойынша Мосул қаласының көптеген тұрғыны қаржы тұрғысынан ұшырап отырған мұқтаждыққа байланысты өздерінің бүйректерін сатқан. Осы уақытқа дейін тек орталық ауруханада ғана 126- ға жуық жайт тіркелген. ИСИМ лаңкестік тобы халықтың экономикалық әлсіздігін пайдаланып, бүйректерді үш есе бағамен мұқтаж адамдарға сататын көрінеді.