Йемен саудиялық басқыншылардың тағы бір қырғи ұшағын нысанаға алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i33711
Йемен Әскері мен халықтық комитеттері Сауд Арабиясы басқарып отырған басқыншылардың Йемендегі тағы бір қырғи ұшағын нысанаға алғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 08, 2018 17:39 Asia/Almaty
  • Йемен саудиялық басқыншылардың тағы бір қырғи ұшағын нысанаға алды

Йемен Әскері мен халықтық комитеттері Сауд Арабиясы басқарып отырған басқыншылардың Йемендегі тағы бір қырғи ұшағын нысанаға алғанын хабарлады.

Йеменннің Al Masirah арнасының дүйсенбі күні таңертең хабарлауы бойынша, Йемен Әскері мен халықтық комиттерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысы Сауд Арабиясы басқарып отырған басқыншылардың бір F15 қырғи ұшағын Йеменнің астанасы Сана қаласының әуе кеңістігінде нысанаға алған.

Кеше жексенбі күні де Йемен әскері мен халықтық комитеттерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысы Сауд Арабиясы басқарып отырған "Араб коалициясына" тиесілі бір қырғи ұшақты Йеменнің солтүстігіндегі Саада облысында құлатты.

Осы мәліметке сәйкес, Йемен әскері мен халықтық комитеттері 2017 жылы "Араб коалициясының" 1569 көлігін жойып, йемендіктердің әуе шабуылына қарсы қорғанысы басқыншылардың 29 қырғи ұшағын, тікұшағы мен ұшқышсыз ұшағын құлатқан.

Йемен Әскері мен халықтық комитеттері өткен жылы саудиялықтардың жерін 45 рет зымырандық шабуылдың нысанасына алған болатын.