Йемендегі дифтерия құрбандарының саны 48 адамға жетті
Дүниежүзілік Денсаулық ұйымы сейсенбі күні Йемендегі дифтерия құрбандары санының 48 адамға жеткенін жариялады.
Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін бұл елдің әртүрлі аймағында кемінде 500 йемендік дифтерия ауруына шалдыққан. Дифтерия – адамның тыныс алу жүйесіне қиындық тудыратын өте жұқпалы әрі өлімге дейін апаратын ауру. Бұл аурудың салдарынан тамақ ауруы, жөтел, температура, дауыстың қарлығуы, жүрек пен бүйрек аурулары, сал ауруы болуы мүмкін.
"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дүниежүзілік Денсаулық ұйымы 8 миллион йемендіктің жұт қатері қарсаңында тұрғанын хабарлады. Осы уақытқа дейін 2200-ден астам йемендік холера ауруына шалдығып, қаза болды.