Сирия СІМ АҚШ-тың әскери әрекетін айыптап, мәлімдеме жасады
Сирия СІМ мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Сирияның солтүстік-шығысында жаңа содырлар тобын құрудағы әрекетін айыптап, мұны Сирияның ұлттық егемендігіне ашық түрде қол сұғу деп атады.
ИИР Телерадио бірлестігінің SANA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Сирия СІМ-нің дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-тың бұл шешімі Вашингтонның аймақтағы бүлдіргі саясатының жалғасында елдерді бөліп, бейберекеттік тудыру мақсатында қабылданып отыр деп бағаланып: "АҚШ араб халықтарымен жауластықты жалғастырып, аймақта америкалық-сионистік қастандықты орындағысы келетінін көрсетті. АҚШ үкіметінің шарасы Сирия дағдарысын шешу жолына кедергі келтіру болып отыр. Бұл халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу болып табылады",-деді.
АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция жексенбі күні Сирия күрдтерінің бақылауындағы аудандарда "Шекара қауіпсіздігін сақтау күштері" атты 30 мың сарбаздан тұратын шекаралық күштерді құруды көздейтінін мәлімдеді.