Иран Ирактың келешек сайлауының белгіленген уақытта өтетіндігіне үміттенеді
(last modified Wed, 17 Jan 2018 13:37:32 GMT )
Қаң 17, 2018 19:37 Asia/Almaty
  • Иран Ирактың келешек сайлауының белгіленген уақытта өтетіндігіне үміттенеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы әрбір сайлаудың сәтті өтуін халықтың жаппай қатысуымен байланыстырып, Ирактың алдағы парламенттік сайлауының белгіленген уақытта және халықтың жаппай қатысуымен өтетіндігіне үміт білдірді.

Ирактың парламенттік және облыстық кеңестерінің сайлауы 2018-ші жылдың мамыр айының 12 күні өтеді.

Әли Лариджани сейсенбі күні Ирак мәжілісінің Төрағасы Салим әл-Джабури және оның делегациясымен  кездесуінде: "Лаңкестік топтардан кейінгі Иракты қайта құру үдерісі жылдамырақ орын алуы керек",- деді.

Салим әл-Джабури де кездесуде Иранның Иракқа көрсеткен көмектеріне алғыс айтып: "Ирак Иранның көмегімен ДАИШ лаңкестерін жеңіп, оларды жерінен шығарды. Енді оларды қуып шыққаннан кейін қайта құру жұмыстарын бастау керек",- деді.  Әл-Джабури Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуына тоқталып: "Аймақтың жағдайы алаңдатарлықтай. Сондықтан оларды елдердің қырағылығы арқылы шешу қажет",- деді.

 

 

Тегтер