Сирияның Африн аймағы Түркияның артиллериялық оғының астында қалды
(last modified Sat, 20 Jan 2018 09:12:33 GMT )
Қаң 20, 2018 15:12 Asia/Almaty
  • Сирияның Африн аймағы Түркияның артиллериялық оғының астында қалды

Сирияның солтүстігіндегі Африн аймағы жұма күні Түркияның артиллериялық оғының астында қалды.

Түркияның ақпарат құралдары ел әскерінің Хатай облысының Кырыкхан және Хасса атты шекаралық аумақтарында орналасқан артиллериялық бірлігінің жұма күні Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысының Африн аймағында орналасқан "Сирия Демократиялық одағы" партиясы күштерінің позицияларына оқ жаудырғанын хабарлады.

Түркияның Anadolu мемлекеттік ақпарат агенттігі: "Түркия Әскері штабының басшысы Хулуси Акар мен Түркия Барлау ұйымының басшысы Хакан Фейдан Мәскеуде Ресей Әскерінің бірлескен штабының басшысы Валерий Герасимовпен кездесуінен кейін Сирияның солтүстігінде орналасқан Ресейдің 170 әскериі Түркиямен шекаралас аймақтарды 17 шақырымға дейін босататын болды",- деп мәлімдеді.

Түркия Әскері бірнеше апта бұрын Сириямен шекаралас аймақтарда жаңа әскери техника мен құрал-жабдық және жаңа әскери күштерді орналастыру арқылы Африн аймағындағы әскери амалдарға әзірленіп, танктер кіру үшін Сириямен шекаралас дуалдың бойында он екі жерден қақпа ашқан.

Вашингтонның "Сирияның демократиялық одағы" тобына қару-жарақ пен қажет  құралдарды жіберуі мен Сирия мен Ирактың солтүстігінде 30 000 адамдық әскери бірлік құру үшін оларды жаттығудан өткізуі Түркия басшыларының қатал реакциясы мен сынына ұшырады.